Абдулмалик әл-Хуси: АҚШ – Салех әс-Самадқа жасалған террорға ортақтас
Йеменнің Ансаролла қозғалысының бас хатшысы сенбі күні кешке Йеменнің Жоғары саяси кеңесінің марқұм басшысы Салех Әли әс-Самадтың шәһид болуына орай сөйлеген сөзінде АҚШ-ты Салех әс-Самадқа жасалған террорға ортақтас деп атады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Абдулмалик Бадреддин әл-Хуси: "Сауд Арабиясы мен АҚШ осындай қылмыс жасау арқылы Йеменнің ішкі бірлігін бұзуға үміттенгенімен ешқашан сәттілікке жетпейді",-деді.
Йеменнің Ансаролла қозғалысының бас хатшысы ел халқының тұрақтылық пен табандылықты сақтауға шешім қабылдап отырғанын айтты.
Абдулмалик Бадреддин әл-Хуси саудиялық коалицияның Салех әс-Самадтың жаназасын шығару рәсіміне әуеден шабуыл жасағанына тоқталып: "АҚШ пен Израильдің қолдауына ие басқыншылар Йеменде қылмыс жасап жатыр",-деді.
Шәһид Салех әс-Самадтың жаназасы сенбі Йемен халқының кең түрде қатысуымен осы елдің астанасы Санада шығарылды.