Maм 10, 2018 19:18 Asia/Almaty

Газа секторындағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігі Газа секторында "Оралу құқығы" атты шерулер басталғаннан осы күнге дейін 53 палестиналықтың шәһид болғанын мәлімдеді.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігі бейсенбі күні мәлімдеме жариялап: ""Оралу құқығы" атты шерулер кезінде шәһид болған 53 палестиналықтың бесеуі балалар болса, алты шәһидтің сүйегін сионистік режим әлі отбасыларына қайтармаған. "Оралу құқығы" атты шеру басталған күннен, яғни наурыздың отызынан қазірге дейін 8536 палестиналық жарақат алды. Олардың ішінде 793 бала, 283 қыз бен әйел бар. Жарақат алғандардың арасындағы 166 адам ауыр халде жатыр деп хабарланып отыр",- деді.

Мыңдаған палестиналық наурыздың отызы "Жер күнінің" 42-ші жылдығы күні "Оралу құқығы" атты бейбіт шеру ұйымдастырып, Газа секторы мен басып алынған жерлерге қарай жүрген кезде израильдік әскерилердің шабуылына ұшыраған. Бұл шеру  «Некбат күні» (Бақытсыздық күні) шарықтау шегіне жетеді деп болжанып отыр.

 

 

Тегтер