Maм 12, 2018 14:42 Asia/Almaty

Палестиналық ақпарат көздері кеше жұма күні Газа секторының шекаралық аймақтарында өткен "Оралу құқығы" атты шеру кезінде қаза болған шәһидтер мен жарақат алған адамдар санының артқанын хабарлады.

Палестиналық ақпарат көздерінің хабарлауынша, "Ескерту жұмасы" деп аталатын жетінші жұма күні ұйымдастырылып жатқан "Оралу құқығы" шеруі палестиналықтардың жаппай қатысуымен Газа секторының шекаралық аймақтарында өтті. Шеру кезінде кем дегенде екі палестиналық сионистік әскерилердің қолынан шәһид болып, 450-ден астам адам жарақат алды.

Бейбіт шеруде сионистік режимнің әскерилері палестиналықтарға қарай оқ жаудырып, көз жасаурататын газ қолданды.

Al Alam телеарнасы сионистік снайперлердің шабуылдары салдарынан Газа секторындағы әл-Бурейдж аумағының шығысында бір баланың басынан ауыр жарақат алғанын хабарлады.

Жарияланған ақпараттар сондай-ақ палестиналық жастардың сионистік режимнің суретке түсіруші бір ұшқышсыз ұшағын құлатқанын да хабарлауда.

 

 

 

 

Тегтер