Рухани Стамбұл отырысында сөз сөйледі
ИИР Президенті Түркияның Стамбұл қаласында өткен Ислам Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер басшыларының төтенше отырысында алты бастама мен практикалық ұсыныс жасап, барлық мұсылмандар мен Ислам елдерін бірігу арқылы сионистік режимнің Палестинаны басып алуын доғаруға жағдай жасауға шақырды.
Иран Президенті кеңсесінің баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, Хасан Рухани жұма күні кешке Ислам Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер басшыларының төтенше отырысында Палестинадағы соңғы өзгерістерді талқылау үшін БҰҰ-нан АҚШ үкіметінің елшілігін Құдсқа көшіруіне қатысты заңсыз шешімі мен сионистік режимнің палестиналықтарға қарсы жуырдағы қылмыстарын қарастыру мақсатында арнайы отырыс өткізуін сұрауға ұсыныс жасады.
Рухани, сондай-ақ, АҚШ үкіметінің өз елшілігін Тель-Авивтен Құдсқа көшіруіне қатысты заңсыз шешімін нақты зерттеп, онымен күресу жолдарын табу үшін Ислам Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдердің саяси-экономикалық және құқықтық мамандарынан тұратын сараптамалық топ құру қажеттігін айтып, халықаралық, аймақтық және ұлттық деңгейде АҚШ үкіметі мен сионистік режимге қарсы саяси-экономикалық және сауда-саттық саласында шара қолдануға мүдделік танытты.
ИИР Президенті Палестина халқына гуманитарлық көмек беруде ұжымдық шаралар атқару үшін тиімді жолдарды қалыптастыру қажеттігін қуаттап, ислам елдерінің барлығы үшін Рамазан айының соңғы жұмасын Дүниежүзілік Құдс күні деп жариялауды ұсынып: "Сионистік режимнің ядролық арсеналы әлемге, әсіресе Таяу Шығыс аймағының бейбітшілігі мен қауіпсіздігіне төнген шынайы қатер. Бұл аймақты ядролық қарулардан арылту ұсынысы Иран тарапынан сан рет ұсынылды. Осы мақсат ислам елдері бағдарламасының басты бағдары болуы керек",-деді.