Maм 26, 2018 18:33 Asia/Almaty
  • Тоғызыншы

Палестинаның Денсаулық сақтау министрлігі жұма күні Газа секторының шығысында өткен тоғызыншы "Қайта оралу құқығы" шеруінде бір палестиналықтың шәһид болып, ондаған адамның жараланғанын хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Палестинаның Денсаулық сақтау министрлігі жұма күні тоғызыншы "Қайта оралу құқығы" шеруінде бір палестиналық жас жігіт Ясер Хабибтің сионистердің оғы салдарынан шәһид болып, басқа 109 адамның жараланғанын хабарлады.

Бұдан бұрын тоғызыншы "Қайта оралу құқығы" шеруінде жараланғандардың саны 86 адам деп хабарланған болатын.

Бірнеше күн бұрын Газаның шығысында сионист әскерилердің оғынан жараланған тағы бір палестиналық жас жігіт Хосейн Салем Абу Авизе қайтыс болды.

30 наурызда, 1948 жылы басып алынған Газа секторындағы "Жер күнінің" жылдығымен бір мезгілде "Қайта оралу құқығы" шеруі басталғанннан бері 120-дан астам палестиналық шәһид болып, 13 мыңнан астам адам жараланды. Солардың ішінде 330 адамның жағдайы ауыр.

 

Тегтер