Maм 28, 2018 14:15 Asia/Almaty
  • Құдста бір палестиналық әйел жараланды

Сионистік режимнің полиция қызметкерлері Құдстың солтүстігіндегі Шаафат қалашығына жақын жерде бір палестиналық әйелді оқ атып жаралады.

Палестина ақпарат тарату орталығының хабарлауы бойынша, сионистік режим полициясы мен армиясының жүздеген сарбазы атыс болған жерге жиналып, Шаафат қалашығының негізгі көшесін жауып тастаған.

Осы мәлімет бойынша, сионистік режим полициясының ақпарат өкілі: "Бұл палестиналық әйел шекаралық күзет күштерінің бұйрықтарына бағынбаған соң оның аяғына оқ атылды",-деген уәж айтты.

"Гаарец" сионистік газеті осыдан бұрын Израиль әскерилерінің Палестина халқына адамгершілікке жат әрекеттер жасағаны бейнеленген суреттерді жариялап: "Бұл әскерилер Құдс қаласында ешбір себепсіз палестиналық азаматтарды нысанаға алды",-деп мойындады.  

 

Тегтер