Maм 29, 2018 15:10 Asia/Almaty
  • 22 зымыранның атылуы – Палестина қарсыласуының сионистік режимнің шабуылшыларына қайтарған жауабы

Палестинаның қарсыласу қозғалысы сионистік режимнің шабуылшыларына жауап қайтарып, бұл режимнің Газа секторына жақын жердегі базаларын 22 зымыранмен нысанаға алды.

Палестина ақпарат орталығының мәліметі бойынша, сионистік режимнің ақпарат құралдары Палестина қарсыласу қозғалысының сейсенбі күні таңертең басып алынған жерлерге қарай кемінде 22 зымыран атқанын, 2014-ші жылдың жазындағы 50 күндік соғыстан бері мұндай шабуылдың орын алмағанын хабарлап: "Сионистік режимнің "темір күмбез" жүйесі сол зымырандармен қарсыласу үшін 13 зымыран атты",- деп қуаттады. Қарсыласу қозғалысының атқан зымырандарының  көбі Израильдің базаларына тиіп, оларға шығын келтірді. Қарсыласу қозғалысының сионистік режимнің базаларына жасаған шабуылы бұл режимнің сейсенбі күні таңертең бір палестиналықтың шәһид болуына себеп болған Газа секторына жасаған шабуылына берілген жауап болды.   

 

 

Тегтер