Maм 30, 2018 15:14 Asia/Almaty
  • Сионистік режим Газа секторына қарсы шабуылдарын қайта бастады

Палестиналық дереккөздерінің мәліметі бойынша, сионистік режимнің әскери ұшақтары сәрсенбі күні таңертең Газа секторының солтүстік бөлімдерін бірнеше рет бомбалаған.

Сионистік режимнің 20-шы телеарнасы бұл режимнің танктерінің Газаның солтүстігіне қарай бет алғанын хабарлады.

Сионистік режимнің тікұшақтары да Газа секторының оңтүстігіндегі Хан Юнусте Палестинаның Исламдық қарсыласу қозғалысы ХАМАС-қа қатысты базаның бірін нысанаға алды. Кейбір ақпарат көздері сионистік режим армиясының Газада әрекеттерін бастауға дайын екендігін хабарлады. Бұдан бұрын кейбір дереккөздері Мысырдың арағайындығымен сейсенбіден бастап қарсыласу күштері мен сионистік режим арасындағы атыстар тоқтайтынын хабарлаған болатын.

Бірақ сейсенбінің таңынан бері сионистік режим Газа секторында қарсыласу күштерінің позицияларын бірнеше рет нысанаға алды.

Қарсыласу күштері де бұл шабуылдарға реакция білдіріп, сионистік қалашықтарға зымыранмен шабуылдар жасап, соның нәтижесінде бірнеше сионистік әскериді жараландырды.

 

 

Тегтер