Maм 31, 2018 18:10 Asia/Almaty
  • Башар Асад: Америкалық күштер Сириядан шығарылуы керек

Сирия Президенті: "Америкалықтар Сириядан кетуі керек. Олар Иракта көрсетілген қатынастан сабақ алуы керек",-деп қуаттады.

Сирия Президенті Башар Асад Russia Today-ге берген сұхбатында: "Сирия армиясы лаңкестермен күресте ілгерілеген сайын АҚШ, Израиль мен кейбір араб елдері  Сириядағы соғыстың кешірек аяқталуына күш салып жатыр. Олардың бұл ниеті лаңкестерді қолдау, оларды Сирияға көбірек тарту немесе саяси үдеріске кедергі келтіру арқылы көрініс тауып жатыр.

Алеппо, Дейр оз-Зор, Хомс пен Дамаск азат етілгеннен кейін АҚШ пен Израиль ән-Носрат майданы мен ДАИШ сияқты лаңкестік топтардан тұратын артықшылықтарынан айырылды. Енді басқа мүмкіндікке, яғни "Сирияның демократиялық күштері" тобына арқа сүйеп отыр.

Израильдің уәждеріне керісінше, Сирияда ирандық күштер жоқ, ирандық әскери кеңесшілер ғана бар. Сирия Израильдің әуе шабуылдарына тойтарыс беру үшін өзінің әуе қорғанысын күшейтуді жалғастыра береді",-деді.  

 

 

Тегтер