Маусым 08, 2018 20:14 Asia/Almaty
  • Палестиналықтар жұма намазынан кейін

"Оралу құқығы" және "Газа қоршауын бұзу" атты шерулердің ұлттық кеңесі Палестина халқын жұма намазынан соң "Құдс миллиондары" атты ауқымды наразылық шеруіне қатысуға шақырды.

Arabi 21 ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Израильдің Газа секторына жасаған қоқан-лоққыларына қарамастан Палестина халқының түрлі топтары "Оралу құқығы" шеруінің он бірінші аптасында, яғни бүгін жұма намазынан кейін шеруге жаппай шығады.

"Оралу құқығы" шеруі Ұлттық кеңесінің мүшесі Маһер Мазһар "Құдс миллиондары" шеруінің сәтті өтуіне қажет шаралардың жасалынғанына сілтеме жасап: "Жұма намазын орындағаннан кейін жүз мыңдаған палестиналықты Газа секторындағы бөгет жасаушы шептің маңындағы бес лагерьге тасымалдайтын көлік құралдары әзірленді",- деді.

Израиль палестиналықтардың Газа секторын Палестинаның басып алынған жерлерінің басқа бөліктерінен айырып тұрған бөгет жасаушы шептен өтуге жасайтын талпыныстарынан үрейленіп, Иордан өзенінің батыс жағалауы мен Газа секторының айналасындағы шерушілерді басып-жаныштауға толығымен дайын отыр.

 

 

 

 

Тегтер