Йемендегі "Ансаролла" күштері америкалық қолбасшыны тұтқындады
Йемендік ақпарат көздері Йеменде БАӘ үшін соғысып жатқан және БАӘ тақ мұрагері Мұхаммад бин Заидке жақын америкалық Blackwater компаниясы қолбасшыларының бірінің Йемен әскері мен халықтық комитеттері тарапынан тұтқындалғанын хабарлады.
IRNА-ның дүйсенбі күнгі мәліметіне сәйкес, БАҚ өкілдері хабардар ақпарат көздеріне сілтеме жасап: "Йемендіктердің мүддесіне қатысты стратегиялық өзгерістерді жүзеге асыра алатын бұл адам АҚШ-тың майдандық қолбасшыларының бірі саналады",- деп мәлімдеді.
БАӘ-нің қауіпсіздік органының офицері болуы да ықтимал Twitter әлеуметтік желісіндегі "Көлеңкесіз" деген парақшаның жүргізушісі: "Йемен әскері мен "Ансаролла" тобы бізбен келісімге қол қойған Blackwater қолбасшыларының бірін тұтқындады. Жақын арада бұл жайлы фильм шығады",- деп мәлімдеді.
Blackwater – қомақты ақшаға әскери қызметтер ұсынатын америкалық әскери-қауіпсіздік саласындағы жеке компания.