Сауд Арабиясының лаңкестерді химиялық қарулармен қамтамасыз етудегі рөлін сараптау
Атақты америкалық журналист Сеймур Хэрш: "Біз барлау мәліметтеріне сүйене отырып, Сауд Арабиясы мен лаңкестердің басқа да демеушілерінің 2013 жылы Сириядағы "ан-Носрат майданы" лаңкестік тобына зарин уландырғыш газының құрамына кіретін химиялық заттарды ұсынғанын растаймыз",- деп жазды.
Осындай жағдайда Химиялық қаруларды таратуға тыйым салу ұйымы да 2013 жылы Шығыс Ғутэ аймағында орын алған апат кезінде қолданылған зарин газының салдарының осы апат орын алған сәтте Сирия үкіметінің қолында болған зарин газының құрамымен сәйкес келмейтінін растаған болатын.
Лаңкестер қоғамдық пікірді Батыс елдері мен олардың араб одақтастарының қолдауымен өздерінің жаппай қырып-жоятын қаруларын пайдаланғаннан бұрмалау мақсатында Сирияда адамзат баласына қарсы қылмыстарды жүзеге асырып, бұл қылмыстарды Сирия үкіметінің мойнына асуды мақсат етіп отыр. Бұл Сирия үкіметінің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2013 жылы 27 қыркүйекте қабылданған №2118 қарары шеңберінде Сирияның қолындағы химиялық заттарды Химиялық қаруларды таратуға тыйым салу ұйымына тапсырып, құқықтық қауымдастықтар да бұл жайтты мойындаған жағдайда орын алып отыр. Лаңкестік топтың химиялық қаруларды жаппай пайдаланудағы мақсаты – толық жеңілістің алдын алып, Сирия азаматтарының арасында көбірек үрей тудырып, оларды берілуге итермелеу. Мұның алдында америкалық IHS атты лаңкестік топтар жөніндегі зерттеулер орталығы лаңкестік топтардың мүшелерінің 2014 жылдан бастап Сирияда оннан астам рет химиялық қару пайдаланғанын хабарлады. Қауіпсіздік органдарының мәліметтеріне сәйкес, Сауд әулеті режимі химиялық бомбаларды жасау үшін қажет көп мөлшердегі химиялық заттарды Украина мен кейбір батыс елдерінен сатып алып, ДАИШ лаңкестік тобына беріп отырған. Италиялық бір газет бұл мәселеге қатысты Сауд әулеті режимінің бір әуе компаниясы арқылы Сириядағы лаңкестерге қару-жарақ жіберіп отырғанын мәлімдеген. Италиялық Il Giornale газеті біраз уақыт бұрын бір болгариялық тілшінің сөзіне сілтеме жасап, саудиялық режимнің бірнеше рет Болгариядан түрлі қару-жарақ сатып алып, оларды әзірбайжандық Silk Way Airlines әуе компаниясының дипломатиялық рейстері арқылы Сириядағы лаңкестік топтарға, әсіресе "ан-Носрат" майданы тобына жіберіп отырғанын жазды.
Италияның бұрынғы Сыртқы істер министрі Франко Фратини біраз уақыт бұрын ливандық Al Akhbar газетіне берген сұхбатында Арабстанның Сирия дағдарысын шиеленістіруде ерекше рөл атқарып отырғанын баса айтып, бұл мәселеге қатысты тіпті Италияның өзінен қаруланған лаңкестерді қару-жарақпен қамтамасыз етуді сұрағанын айтты.
Батыс және араб елдерін, әсіресе Сауд Арабиясын қамтитын лаңкестерді демеуші мемлекеттер бұл топтарға жан-жақты қолдау көрсетуді тоқтатар емес. Олар іс жүзінде лаңкестердің химиялық қаруларға қолжетімділігін жеңілдетіп отыр. Сауд Арабиясы мен лаңкестердің басқа да демеушілерінің лаңкестерді жаппай қырып-жою қаруларымен қамтамасыз ету және оларға осындай қарулар жасауға қажет заттарды ұсынуы халықаралық келісімдер мен конвенцияларды әшкере түрде бұзу саналады. Халықаралық конвенцияларға сәйкес, кез келген жаппай қырып-жоятын қару шығару мен таратуға тыйым салынған. Батыс және араб елдерінің лаңкестерді химиялық қарулармен қамтамасыз етуді жалғастыруына қатысты хабарлардың таралуы олардың лаңкестерге Сириядағы қылмыстарын арттыруға берген "жасыл түсті белгі" саналады.