Мұхаммад бен Салман анасын үйге қамап қойды
Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммад бен Салман анасы Фахдат бент Фалахты тікелей бұйрығымен үйге қаматып қойды. Салманның рұқсатынсыз онымен ешбір адам кездесе алмайды.
Сауд Арабиясының қазіргі Королі Малек Салманның үшінші әйелі әрі оның 13 перзентінің алтауының анасы Фахдат бент Фалах кішкентай сарайда жұбайынан алыста үй қамауына алынды. Ол қазір Малек Салманның жалғыз ресми әйелі, өйткені оның Салтанат бент Түрки деген әйелі 2011-ші жылы қайтыс болған. ТМалек Салман келесі әйелі Сарат бент Фейсалмен ажырасқан болатын. Әл-Мондоның жазуынша, АҚШ-тың барлау органдары бен Салманның анасын Малек Салманнан алыста ұстауды мақсат етіп отырғанын және Малек Салманның Альцгеймер ауруына шалдығуы туралы телефон сұхбаттарын тың-тыңдау арқылы анықтаған.