Түркиядағы төтенше жағдай аяқталды
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i38315-Түркиядағы_төтенше_жағдай_аяқталды
Түркиядағы төтенше жағдай екі жыл өткеннен кейін аяқталды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 19, 2018 09:07 Asia/Almaty
  • Түркиядағы төтенше жағдай аяқталды

Түркиядағы төтенше жағдай екі жыл өткеннен кейін аяқталды.

2016 жылдың шілде айында Түркияда орын алған сәтсіз төңкерістен бес күннен кейін басталған төтенше жағдай жеті рет создырылған болатын.  Бұл режим бейсенбі күні таңертең аяқталып, оның орнына жаңа жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Мұның алдында Түркия парламенті құрамындағы Әділет және даму партиясының жетекшісі Мұстафа Елиташ: "2016 жылы шілденің он алтысы Түркияда орын алған сәтсіз төңкерістен кейін орнатылған төтенше жағдай 2018 жылы шілденің он сегізі күні тоқтатылды",- деп мәлімдеді.

Аталмыш сәтсіз төңкерістен соң Түркияның мемлекеттік мекемелері мен департаменттерінде ауқымды есеп айырысулар жүзеге асырылып, 50 000-нан астам адам тұтқындалып, абақтыға қамалып, кемінде 150 000 адам төңкерісшілермн байланысты болған деген айыппен қызметтерінен босатылды.