Йемен Арабстанның Джизан әуежайына зымыран атты
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i38327-Йемен_Арабстанның_Джизан_әуежайына_зымыран_атты
Йемен армиясының зымырандық бірлігі мен халықтық комитеттері «Бадр-1» деген баллистикалық зымыранды Арабстан жерінің қиырындағы Джизан әуежайына атты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 20, 2018 03:26 Asia/Almaty
  • Йемен Арабстанның Джизан әуежайына зымыран атты

Йемен армиясының зымырандық бірлігі мен халықтық комитеттері «Бадр-1» деген баллистикалық зымыранды Арабстан жерінің қиырындағы Джизан әуежайына атты.

Йемен армиясының зымырандық бірлігі мен халықтық комитеттері бұл операцияларды саудиялық коалиция өз шабуылдарын Йеменге жалғастыруына қарымта әрекет ретінде жүзеге асырды. Ансаролла қозғалысының ақпарат тарату торабы да йемендік жауапты бір тұлғаның сөзіне сілтеме жасап, зымыранның өте жоғары нақтылықпен атылғанын мәлімдеді. Йемен армиясы қырғи ұшақтарының бірлігі де кеше алыс қашықтыққа арналған «Самад-4» қырғи ұшақтары арқылы Арабастанның астанасы Риядтағы Арамко мұнай компаниясының өңдеу зауытын нысанаға алғандарын хабарлады. Арабстан мен одақтастарының Йемендегі шабуылдары осы уақытқа дейін мыңдаған йемендіктің қаза тауып, жаралануына соқтырды.