Сионистік қалашықтың тұрғындары әл-Ақса мешітіне басып кірді
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i38371-Сионистік_қалашықтың_тұрғындары_әл_Ақса_мешітіне_басып_кірді
Қалашықтарда тұратын ондаған сионист дүйсенбі күні таңертең сионистік режим әскерилерінің ауқымды қолдауымен әл-Ақса мешітінің аулаларына басып кірді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 23, 2018 16:14 Asia/Almaty
  • Сионистік қалашықтың тұрғындары әл-Ақса мешітіне басып кірді

Қалашықтарда тұратын ондаған сионист дүйсенбі күні таңертең сионистік режим әскерилерінің ауқымды қолдауымен әл-Ақса мешітінің аулаларына басып кірді.

"Вафа" ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, кеше де көне Құдс қаласының айналасында арандатушы әрекеттер жасау мақсатында қалашықтарда тұратын мыңнан астам сионист өздерінің жалған "ғибадатханасының бұзылған күнінің жылдығын" қайта жаңғырту сылтауымен әл-Ақса мешітіне басып кірді.

ХАМАС бір мәлімдемеде қалашық тұрғындарының әл-Ақса мешітіне  жасаған әсірешіл және нәсілшіл сипаттағы шабуылдарын Израиль мен АҚШ-тың исламдық болмыс пен Палестинаға қарсы мақсаттандырылған және ұйымдастырылған діни соғыс жүргізуі аясында орындалған әрекеттер деп атап, Палестина халқының барлық әлеуметтік топтарын осы қасиетті мекенді қорғауға шақырды.