Йеменнің шабуылдары кезінде саудиялық әскерилер мен жалдамалылар қаза болды
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i38373-Йеменнің_шабуылдары_кезінде_саудиялық_әскерилер_мен_жалдамалылар_қаза_болды
Йемен қарсыласу күштерінің елдің түрлі майдандарында ұшқышсыз ұшақ және зымыран арқылы жасаған жуырдағы әскери амалдары кезінде ондаған саудиялық әскерилер мен жалдамалылар қаза болып, жараланды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Шіл 23, 2018 16:26 Asia/Almaty
  • Йеменнің шабуылдары кезінде саудиялық әскерилер мен жалдамалылар қаза болды

Йемен қарсыласу күштерінің елдің түрлі майдандарында ұшқышсыз ұшақ және зымыран арқылы жасаған жуырдағы әскери амалдары кезінде ондаған саудиялық әскерилер мен жалдамалылар қаза болып, жараланды.

Mehr News ақпарат агенттігінің Al Masirah арнасына сілтеме жасап, дүйсенбі күнгі хабарлауы бойынша, Йеменнің қарсыласу күштері Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі Джизан облысының Қайем әс-Сиаба ауданындағы саудиялық әскерилердің позицияларын зымыран арқылы нысанаға алған.

Сонымен қатар, йемендік күштер Йеменнің батыс жағалауындағы Яхтал ауданының солтүстігіндегі Анбара мекенінде орналасқан саудиялық коалицияға қарасты күштердің лагеріне қарсы ұшқышсыз ұшақпен шабуыл жасаған.

Йемендік күштердің ұшқышсыз ұшақ арқылы жасаған әскери әрекеттерінде Анбара лагеріндегі БАӘ әскерилерінің штабтары да нысанаға алынған.