Сирияның оңтүстігіндегі жанкештілік жарылыста 38 бейбіт тұрғын қайтыс болды
Шіл 26, 2018 08:33 Asia/Almaty
Сириялық ақпарат құралдары сәрсенбі күні таңертең осы елдің оңтүстігіндегі Савида қаласының орталығында болған жанкештілік шабуыл салдарынан сириялық әскери емес 38 адамның қаза тауып, 37 адамның жараланғанын хабарлады.
IRNА-ның сәрсенбі күнгі мәліметіне сәйкес, Сирияның al-Akhbar телеарнасы осы хабарды жариялап, лаңкестердің бірінің жеміс-жидек базарында өзін жарып жібергенін, екі лаңкестің жарылғыш белдіктерін жармас бұрын ал-Мосаллах аймағында қауіпсіздік күштері тарапынан өлтірілгенін хабарлады.
Сонымен қатар бүгін таңертең әскери емес тағы бірқатар азамат ДАИШ лаңкестік тобының Савиданың солтүстік-шығысының айналасындағы ауылдарға жасаған шабуылдарында қаза тапты.