"Әс-Самад-3" ұшқышсыз ұшағы Йеменнің басқыншыларға қарсы тежегіш күшін арттырады
Йемен армиясы мен халықтық күштерінің БАӘ-нің Абу-Даби әуежайына ұшқышсыз ұшақпен жасаған шабуылынан кейін Йеменнің Жоғары саяси кеңесінің басшысы: "Бұл ұшқышсыз ұшақ Йеменнің саудиялық және америкалық басқыншыларға қарсы тежегіш күшін арттырады",-деді.
Йемен армиясы мен халықтық күштерінің ұшқышсыз ұшақтар бөлімшесі бейсенбі күні 1000 км қашықтыққа арналған "әс-Самад-3" атты жаңа ұшқышсыз ұшақтың тұсауын кесіп, Абу-Даби әуежайын бірнеше рет нысанаға алды. Йемен армиясы өткен айда бірінші рет ұзақ қашықтыққа арналған "әс-Самад-2" ұшқышсыз ұшақтарын пайдаланып, Сауд Арабиясының "Арамко" мұнай компаниясының мұнай өңдеу зауытын нысанаға алды. Саудиялықтардың мойындауынша, бұл зауыт өртке оранған.