Башар Асад "Ақ қалпақтыларды" лаңкестер сияқты жоятынын қуаттады
Сирия Президенті ресейлік ақпарат құралдарына берген сұхбатында "Ақ қалпақтылар" деп аталатын топты лаңкестік топ деп атап, Сирия армиясының "Ақ қалпақтыларды" тез арада жоятынын баса айтты.
Башар Асад "Ақ қалпақтылардың" жәрдемдесу, құтқару немесе азаматтық белсенді топ емес, "ән-Носрат" майданы лаңкестерінің ақпараттық тармағы екенін, осы топтың басшыларының Сириядан қашып кеткенін айтты.
Сирия Президенті сионистік режим, Иордания мен Батыс алпауыттарының осы топ басшыларының Сириядан қашып шығуына көмектескенін айтты.
"Ақ қалпақтылар" деп аталатын топ 2013 жылдың наурыз айында АҚШ пен Ұлыбританияның қаржылай көмегімен Түркияда құрылған болатын. Бұл топтың белсенділік аясы Сирияда лаңкестік топтардың бақылауындағы аймақтар деп белгіленген.
Сирия армиясы тарапынан лаңкестердің қолынан азат етілген осы елдің әртүрлі аудандарынан табылған көптеген құжаттар "Ақ қалпақтылар" лаңкестік тобы мүшелерінің "Тахрир әш-Шам" (ән-Носрат майданы) тарапынан Сирияның әскери емес адамдарына қарсы химиялық қарулардың қолданылу үдерісін дайындағанын көрсетеді.