Йеменнің батысында саудиялық жалдамалылар өлтіріліп, тұтқындалды
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i38551-Йеменнің_батысында_саудиялық_жалдамалылар_өлтіріліп_тұтқындалды
Йемен Әскерінің қолбасшысы мәлімдеме жариялап: "Йемен Әскері мен халықтық комитеттерінің күштері өткен екі күннің ішінде Йеменнің батысындағы әл-Ходейда облысының әд-Дурайхими ауданында 150-ден астам саудиялық жалдамалыны өлтіріп, жараландырып, тұтқынға алды",- деп хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Там 06, 2018 11:15 Asia/Almaty
  • Йеменнің батысында саудиялық жалдамалылар өлтіріліп, тұтқындалды

Йемен Әскерінің қолбасшысы мәлімдеме жариялап: "Йемен Әскері мен халықтық комитеттерінің күштері өткен екі күннің ішінде Йеменнің батысындағы әл-Ходейда облысының әд-Дурайхими ауданында 150-ден астам саудиялық жалдамалыны өлтіріп, жараландырып, тұтқынға алды",- деп хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Йемен Әскерінің қолбасшысы сондай-ақ йемендік күштердің әд-Дурайхими аймағында саудиялық жалдамалылардың 10 автокөлігін нысанаға алғанын мәлімдеді.

Йемен күштері сенбі күні әд-Дурайхими аймағындағы саудиялық басқыншы коалицияның Apache тікұшағын құлатқан.

Йемен Қорғаныс министрі Мұхаммад Насер әл-Атефи жуырда бұл елдің батыс жағалауының басқыншылардың көріне айналатынын баса айтқан болатын.