Йеменнің батысында саудиялық жалдамалылар өлтіріліп, тұтқындалды
Йемен Әскерінің қолбасшысы мәлімдеме жариялап: "Йемен Әскері мен халықтық комитеттерінің күштері өткен екі күннің ішінде Йеменнің батысындағы әл-Ходейда облысының әд-Дурайхими ауданында 150-ден астам саудиялық жалдамалыны өлтіріп, жараландырып, тұтқынға алды",- деп хабарлады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Йемен Әскерінің қолбасшысы сондай-ақ йемендік күштердің әд-Дурайхими аймағында саудиялық жалдамалылардың 10 автокөлігін нысанаға алғанын мәлімдеді.
Йемен күштері сенбі күні әд-Дурайхими аймағындағы саудиялық басқыншы коалицияның Apache тікұшағын құлатқан.
Йемен Қорғаныс министрі Мұхаммад Насер әл-Атефи жуырда бұл елдің батыс жағалауының басқыншылардың көріне айналатынын баса айтқан болатын.