Генерал-майор Бағери Сирияның Қорғаныс министрімен телефон арқылы сөйлесті
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i38600-Генерал_майор_Бағери_Сирияның_Қорғаныс_министрімен_телефон_арқылы_сөйлесті
Иран Қарулы күштері Бас штабының басшысы Сирияның Қорғаныс министрін Әскерінің жуырдағы лаңкестермен күрестегі жеңісімен құттықтады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Там 09, 2018 16:17 Asia/Almaty
  • Генерал-майор Бағери Сирияның Қорғаныс министрімен телефон арқылы сөйлесті

Иран Қарулы күштері Бас штабының басшысы Сирияның Қорғаныс министрін Әскерінің жуырдағы лаңкестермен күрестегі жеңісімен құттықтады.

Генерал-майор Мохаммад Бағери Сирияның Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Али Аюбпен телефон арқылы сөйлесіп, Сирия Әскерінің лаңкестермен күресте қадамдарын бұрынғыдан да мықтырақ басып, осы ел халқының болашақта лаңкестердің шығуына куә болатындығына үміт білдірді.

Али Аюб та Ислам революциясының жетекшісі мен Иран Үкіметі мен халқына және қарулы күштеріне Сирия халқына лаңкестермен күресте әрдайым көмектескені үшін алғыс айтты.

Сирия Әскері мен қарсыласу күштері соңғы күндері Сирияның оңтүстік аймақтарының көп бөлігін, соның ішінде Дарааны лаңкестерден азат етті.