Түркия Иранмен сауда қатынасында ұлттық валютаны пайдалануға талпыныс жасап жатыр
Там 12, 2018 10:45 Asia/Almaty
Түркия Президенті елінің ИИР, Қытай және Ресеймен сауда қарым-қатынасында ұлттық валютаны қолдануды көздеп отырғанын мәлімдеді.
Anadolu ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Режеп Тайып Ердоған осы елдің ұлттық валютасының АҚШ долларына шаққандағы бағамының төмендегеніне тоқталып: "Доллар, еуро немесе алтын мәселесі туындап тұрған жоқ. АҚШ-тың Түркия мен басқа тәуелсіз елдерге қарсы экономикалық соғысы басталды. Оған қарсы тұру үшін тиісті шара қолдану керек",-деді.
Ердоған АҚШ-тың Түркияға қарсы санкциялары мен қысымдарына тоқталып: "Түркияны жоюды қалайтын адамдар жақында өздерінің аймақтағы әрекеттері мен саясаттарының жауабын алады",-деді.
Тегтер