Лаңкестерді Сириядан басқа елдерге тасымалдау жалғасып жатыр
Там 14, 2018 10:15 Asia/Almaty
Сирияда жеңіліске ұшыраған көптеген лаңкестік топтар АҚШ армиясының көмегімен Сауд Арабиясы мен БАӘ-дегі арнайы базаларға тасымалданып жатыр.
Құдста шығатын Al-Manar газетінің сейсенбі күнгі хабарлауы бойынша, Сауд Арабиясы мен БАӘ-ның ортақ комитеті осы лаңкестерді бақылауға, оларға жоғары жалақы төлеуге, қару-жарақ және оқ-дәрімен қамтамасыз етуге міндеттеме алған.
Араб елдерінің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін бұзып, олардың армияларын әлсірету үшін құрылған бұл лаңкестік топтар ваххабистік-тәкфирлік жобалар аясында ішкі жалдамалылардың әріптестігімен көзделген елдің территориясына жіберіледі.