Газада атысты тоқтату мен ұлттық татуласу бойынша келіссөздер басталады
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i38784-Газада_атысты_тоқтату_мен_ұлттық_татуласу_бойынша_келіссөздер_басталады
Палестиналық топтар жексенбі күні Каирде Мысырдың бақылауымен Газада ұлттық татуласу мен атысты тоқтату келісіміне қатысты келіссөздерді бастайды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Там 26, 2018 16:48 Asia/Almaty
  • Газада атысты тоқтату мен ұлттық татуласу бойынша келіссөздер басталады

Палестиналық топтар жексенбі күні Каирде Мысырдың бақылауымен Газада ұлттық татуласу мен атысты тоқтату келісіміне қатысты келіссөздерді бастайды.

Палестинаның ақпарат орталығының мәліметі бойынша, ФАТХ қозғалысының делегациясы Газада ұлттық татуласу мен атысты тоқтату келісімі туралы  келіссөздерге қатысу үшін Каирге аттанды.

Палестинаның ХАМАС қозғалысының мүшелерінің бірі де бұл қозғалыстың бірқатар басшыларының  бірқатарының Каирге аттанатыны туралы хабарлады.

ХАМАС-тың саяси бюросының басшысы Исмаил Хание: "Ұлттық татуласу автономиялық құрылымының Газа секторына қарсы қолданған барлық жазалардың күшін жою қажет",- деп қуаттады.

ФАТХ пен ХАМАС  бұдан бұрын 2017 жылдың қазан айының 17 күні Каирде ұлттық татуласу келісіміне қол қойған болатын.

Ұлттық татуласу келісімінен кейін ХАМАС Газа секторындағы басқарма комитетін ыдыратып, Газада ұлттық вафақ үкіметінің құрылуына көмектесті. Бірақ, Палестинаның автономиялық құрылымы Газа секторына қарсы жазаларды жоюға кедергі жасады.