Йеменнің "Самад 3" ұшқышсыз ұшағы Дубай әуежайын нысанаға алды
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i38809-Йеменнің_Самад_3_ұшқышсыз_ұшағы_Дубай_әуежайын_нысанаға_алды
Йемен армиясы мен халықтық комитеттерінің ұшқышсыз ұшақ бірліктері Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай әуежайын "Самад 3" ұшқышсыз ұшағымен нысанаға алды.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Там 28, 2018 11:01 Asia/Almaty
  • Йеменнің

Йемен армиясы мен халықтық комитеттерінің ұшқышсыз ұшақ бірліктері Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай әуежайын "Самад 3" ұшқышсыз ұшағымен нысанаға алды.

"Меһр" ақпарат агенттігінің al-massira сайтына сілтеме жасап хабарлауы бойынша Йемен армиясы баспасөз хатшысының орынбасары Азиз Рашед Спутник агенттігіне берген сұхбатында: "Кеше дүйсенбі күнгі Дубай әуежайына жасалған әрекет – Сауд Арабиясының Арамко компаниясына шабуылынан кейінгі ескерту",- деді.

Йемен армиясы маусым айында алыс қашықтыққа ұшатын ұшқышсыз ұшақтарды пайдаланып, Сауд Арабиясының Арамко мұнай компаниясының тазарту стансасын нысанаға алды. Саудиялықтардың мойындауынша, бұл станса өртенді.

Азиз Рашед саудиялық коалицияға ескерту жасап: "Йемендегі соғыстың ұзаққа созылуына байланысты Йеменнің баллистикалық және ұшқышсыз ұшақтарының күш-қуаты артып, йемендік күштер экономикалық және әскери мақсаттарына жетеді",- деп қуаттады.