Йеменнің "Самад 3" ұшқышсыз ұшағы Дубай әуежайын нысанаға алды
Йемен армиясы мен халықтық комитеттерінің ұшқышсыз ұшақ бірліктері Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай әуежайын "Самад 3" ұшқышсыз ұшағымен нысанаға алды.
"Меһр" ақпарат агенттігінің al-massira сайтына сілтеме жасап хабарлауы бойынша Йемен армиясы баспасөз хатшысының орынбасары Азиз Рашед Спутник агенттігіне берген сұхбатында: "Кеше дүйсенбі күнгі Дубай әуежайына жасалған әрекет – Сауд Арабиясының Арамко компаниясына шабуылынан кейінгі ескерту",- деді.
Йемен армиясы маусым айында алыс қашықтыққа ұшатын ұшқышсыз ұшақтарды пайдаланып, Сауд Арабиясының Арамко мұнай компаниясының тазарту стансасын нысанаға алды. Саудиялықтардың мойындауынша, бұл станса өртенді.
Азиз Рашед саудиялық коалицияға ескерту жасап: "Йемендегі соғыстың ұзаққа созылуына байланысты Йеменнің баллистикалық және ұшқышсыз ұшақтарының күш-қуаты артып, йемендік күштер экономикалық және әскери мақсаттарына жетеді",- деп қуаттады.