Йеменде 20 миллион адам гуманитарлық жедел көмекке мұқтаж
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i38896-Йеменде_20_миллион_адам_гуманитарлық_жедел_көмекке_мұқтаж
БҰҰ-ның босқындар істері жөніндегі жоғары комиссары Йеменде 20 миллион адамның гуманитарлық жедел көмекке мұқтаж екендігін хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 04, 2018 16:38 Asia/Almaty
  • Йеменде 20 миллион адам гуманитарлық жедел көмекке мұқтаж

БҰҰ-ның босқындар істері жөніндегі жоғары комиссары Йеменде 20 миллион адамның гуманитарлық жедел көмекке мұқтаж екендігін хабарлады.

БҰҰ-ның босқындар істері жөніндегі жоғары комиссары Филиппо Гранди сейсенбі күні Женевада: "Йемен халқының апатты жағдайы саудиялық коалицияның шілде айында әл-Ходейда айлағын басып алуды көздеген  сәтсіз талпынысына байланысты нашарлап кетті. Сауд Арабиясының Йеменге жасаған шабуылдары миллиондаған адамның босқынға айналуына себеп болды. Сирияда да дәл осындай жағдайға куә болған едік",- деді.

Сауд Арабиясы мен одақтастарының Йеменде соғыс отын өршітуі салдарынан 14 000-нан астам йемендік қаза болып, он мыңдаған адам жараланып, миллиондаған йемендік босқынға айналды.