Йеменде 20 миллион адам гуманитарлық жедел көмекке мұқтаж
БҰҰ-ның босқындар істері жөніндегі жоғары комиссары Йеменде 20 миллион адамның гуманитарлық жедел көмекке мұқтаж екендігін хабарлады.
БҰҰ-ның босқындар істері жөніндегі жоғары комиссары Филиппо Гранди сейсенбі күні Женевада: "Йемен халқының апатты жағдайы саудиялық коалицияның шілде айында әл-Ходейда айлағын басып алуды көздеген сәтсіз талпынысына байланысты нашарлап кетті. Сауд Арабиясының Йеменге жасаған шабуылдары миллиондаған адамның босқынға айналуына себеп болды. Сирияда да дәл осындай жағдайға куә болған едік",- деді.
Сауд Арабиясы мен одақтастарының Йеменде соғыс отын өршітуі салдарынан 14 000-нан астам йемендік қаза болып, он мыңдаған адам жараланып, миллиондаған йемендік босқынға айналды.