Сионистік қалашықтардың жүздеген тұрғыны әл-Ақса мешітіне шабуыл жасады
(last modified Tue, 25 Sep 2018 14:32:14 GMT )
Қыр 25, 2018 20:32 Asia/Almaty
  •  Сионистік қалашықтардың жүздеген тұрғыны әл-Ақса мешітіне шабуыл жасады

Сионистік қалашықтардың жүздеген тұрғыны сионистік режим әскерилерінің қолдауымен әл-Ақса мешітіне шабуыл жасады.

Mehr ақпарат агенттігінің сейсенбі күнгі ливандық Al Ahd ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, сионистік қалашықтардың 420 тұрғыны әл-Ақса мешітінің территориясына баса-көктеп кіріп, исламға қарсы ұрандар айтқан.

Ағымдағы жылы сионистік қалашық тұрғындарының әл-Ақса мешітіне қарсы қорлаушы сипаттағы әрекеттері күшейе түскен.

Бұл қасиетті мекен сионистік режим әскерилері мен тұрғындарының Бейт ул-Мұқаддастың исламдық және христиандық болмысын жойып, оны сионизмнің символдарымен алмастыруға бағытталған сахнасына айналған.

Мұның алдында БҰҰ-ның Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) 2017 жылы қазан айында әл-Ақса мешітін мұсылмандарға тиесілі және яһудилерге еш қатысы жоқ екендігін мәлімдеген болатын.

 

Тегтер