Адел әл-Джубейр Иранға қарсы бос сөз айтты
Қыр 29, 2018 20:31 Asia/Almaty
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі БҰҰ Бас ассамблеясында АҚШ Президенті Дональд Трамп пен сионистік режимнің премьер-министрі Бениямин Нетаньяхумен бірігіп, Иранды лаңкестікті қолдайды деп айыптап: «Иран – Таяу Шығыс аймағындағы тұрақсыздықтардың факторы»,- деген уәж айтты.
«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Адел Джубейр Риядтың Вашингтонның Иранға қарсы стратегиясын қолдайтынын қуаттады.
Мемлекеті 3 жылдан астам уақыт бойы Йеменді құрлық, әуе және теңізден қоршап, елдің әртүрлі аймақтарын бомбалауды жалғастырып отырған Адел Джубейр Иранды Йеменге қару жіберумен айыптап: «Йемендіктер осы уақытқа дейін Иранда жасалған 199 баллистикалық зымыранды Сауд Арабиясына атты»,- деді.
Тегтер