«Оралу құқығы» шеруінде 7 адам қаза болып, 507 адам жараланды
Қыр 29, 2018 20:43 Asia/Almaty
Палестинаның Денсаулық министрлігі жұма күні кешке Газа секторында 27-ші рет өткен «Оралу құқығы» шеруінде 7 палестиналықтың, соның ішінде бір баланың қаза болып, 507 адамның жараланғанын хабарлады.
«Әл-Әламның» мәліметі бойынша, Палестинаның Денсаулық министрлігі жарақат алғандардың ішінде 35 бала, 4 әйел, 4 жедел жәрдем қызметкері мен екі журналистің болғанын хабарлады.
Наурыздың 30-нан осы күнге дейін шерулерде 190-нан астам палестиналық израильдік әскерилердің оғынан өліп, шамамен 20 мың адам жараланған.