«Оралу құқығы» шеруінде 7 адам қаза болып, 507 адам жараланды
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i39194-Оралу_құқығы_шеруінде_7_адам_қаза_болып_507_адам_жараланды
Палестинаның Денсаулық министрлігі жұма күні кешке Газа секторында 27-ші рет өткен «Оралу құқығы» шеруінде 7 палестиналықтың, соның ішінде бір баланың қаза болып, 507 адамның жараланғанын хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қыр 29, 2018 20:43 Asia/Almaty

Палестинаның Денсаулық министрлігі жұма күні кешке Газа секторында 27-ші рет өткен «Оралу құқығы» шеруінде 7 палестиналықтың, соның ішінде бір баланың қаза болып, 507 адамның жараланғанын хабарлады.

«Әл-Әламның» мәліметі бойынша, Палестинаның Денсаулық министрлігі жарақат алғандардың ішінде 35 бала, 4 әйел, 4 жедел жәрдем қызметкері мен екі журналистің болғанын хабарлады.

Наурыздың 30-нан осы күнге дейін шерулерде 190-нан астам палестиналық израильдік әскерилердің оғынан өліп, шамамен 20 мың адам жараланған.