Йемендіктердің зымырандық шабуылынан кейін Дубай әуежайында ұшу тоқтатылды
Йемен Қарулы күштерінің ақпарат өкілі Әзиз Рашид Йеменнің қарсыласу күштерінің Дубай халықаралық әуежайына әуе шабуылдары салдарынан бұл әуежайда ұшудың тоқтатылғанын хабарлады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Al-Masirah ақпарат арнасы: "Йемен армиясы мен халықтың комитеттерінің ұшқышсыз ұшақтар бөлімшелері жексенбі күні таңертең "Самад-3" типті бір ұшқышсыз ұшақпен Дубай халықаралық әуежайын нысанаға алды",-деп хабарлады.
Al-Masirah ақпарат арнасы Йеменнің ұшқышсыз ұшақтар бөлімшелеріндегі бір хабардар дереккөзіне сілтеме жасап: "Бұл ұшқышсыз ұшақ 1200 км қашықты ұшып өтіп, Дубай әуежайына шабуыл жасады",-деп хабарлады.
Йемен Қарулы күштерінің ақпарат өкілі Азиз Рашид: "Бұл шабуылдар саудиялық коалицияның Йеменнің батыс жағалауы майданына қарсы басқыншылықтарының артуына жауап ретінде орын алды",-деді.