Түркия Президенті АҚШ-тың аймақтағы қарама-қайшы саясатын сынады
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i39285-Түркия_Президенті_АҚШ_тың_аймақтағы_қарама_қайшы_саясатын_сынады
Түркия Президенті АҚШ-тың аймақтағы қарама-қайшы саясатын сынап: "АҚШ Сириядағы лаңкестерге қару-жарақ жібереді",-деді.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 06, 2018 18:27 Asia/Almaty
  • Түркия Президенті АҚШ-тың аймақтағы қарама-қайшы саясатын сынады

Түркия Президенті АҚШ-тың аймақтағы қарама-қайшы саясатын сынап: "АҚШ Сириядағы лаңкестерге қару-жарақ жібереді",-деді.

Режеп Тайып Ердоған Түркияның TRT ақпарат арнасына берген арнайы сұхбатында: "АҚШ Сириядағы лаңкестерге қару-жарақ жіберу арқылы дағдарыстың саяси жолмен шешілуіне кедергі келтіріп отыр",-деді.

Түркия Президенті Сирия дағдарысын әскери жолмен шешуге болмайтынын айтып: "Анкара АҚШ-тың экономикалық соғысы алдында ешқашан тізе бүкпей, қарсыластықты жалғастырады",-деп қуаттады.