Түркия Президенті АҚШ-тың аймақтағы қарама-қайшы саясатын сынады
Қаз 06, 2018 18:27 Asia/Almaty
Түркия Президенті АҚШ-тың аймақтағы қарама-қайшы саясатын сынап: "АҚШ Сириядағы лаңкестерге қару-жарақ жібереді",-деді.
Режеп Тайып Ердоған Түркияның TRT ақпарат арнасына берген арнайы сұхбатында: "АҚШ Сириядағы лаңкестерге қару-жарақ жіберу арқылы дағдарыстың саяси жолмен шешілуіне кедергі келтіріп отыр",-деді.
Түркия Президенті Сирия дағдарысын әскери жолмен шешуге болмайтынын айтып: "Анкара АҚШ-тың экономикалық соғысы алдында ешқашан тізе бүкпей, қарсыластықты жалғастырады",-деп қуаттады.