Хошеғджидің досы одан жерлеу рәсіміне дайын болуды сұрағандарын айтты
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i39302-Хошеғджидің_досы_одан_жерлеу_рәсіміне_дайын_болуды_сұрағандарын_айтты
Стамбулда жоғалып кеткен саудиялық журналист Джамал Хошеғджидің достарының бірі жауапты адамдардың одан өзін жерлеу рәсіміне дайын болуды сұрағандарын айтты. Өйткені, "Вашингтон пост" газетінің журналисі Сауд Арабиясының консулдық қызметінің ғимаратында өлтірілген болатын.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 07, 2018 18:45 Asia/Almaty
  • Хошеғджидің досы одан жерлеу рәсіміне дайын болуды сұрағандарын айтты

Стамбулда жоғалып кеткен саудиялық журналист Джамал Хошеғджидің достарының бірі жауапты адамдардың одан өзін жерлеу рәсіміне дайын болуды сұрағандарын айтты. Өйткені, "Вашингтон пост" газетінің журналисі Сауд Арабиясының консулдық қызметінің ғимаратында өлтірілген болатын.

The Associated Press агенттігінің Стамбулдан хабарлауы бойынша Джамал Хошеғжидің достарының бірі  әрі түрік-араб ақпарат қауымдастығының басшысы Туран Кишлақчи жексенбі күні The Associated Press агенттігіне берген сұхбатында жауапты тұлғалардың оған Джамал Хошеғджидің қорқынышты түрде өлтіріліп, денесінің бөлшектенгені туралы мәліметтерге ие екендіктерін мәлімдегенін айтқан. АҚШ сенаторы Крис Морфи де: "Сауд Арабиясының үкіметі Хошеғджидің өліміне жауап беруі керек. Бұл саудиялық журналист Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммад бен Салманның сынаушыларының бірі болған",- деді.