Қаз 08, 2018 15:44 Asia/Almaty
  • Башар Асад: Идлибтегі жеңіс

Сирия президенті Идлиб әскери амалдары басталмас бұрын орын алған батыс елдерінің дау-жанжалына тоқталып, бұл облысты азат етудің АҚШ-тың аймақтағы жоспарының сәтсіздікке ұшырауына себеп болатынын айтты.

Al Alam арнасының хабарлауынша, Башар Асад жексенбі күні Баас партиясы Орталық комитетінің отырысында: "Сирияда орын алып жатқан жағдайды "Ғасыр мәмілесімен" байланысы жоқ деп айтуға болмайды. "Ғасыр мәмілесінде" ең басынан Палестина мәселесі көтерілді. Алайда, қазір кейбір елдердің Израильге қарсы майданнан шығуына байланысты ол қарқынды түрде жүзеге асуда",- деді.

"Ғасыр мәмілесі" атты жоспарға сәйкес, Израиль Иордан өзені мен шекаралық өткелдердің басым бөлігіндегі қауіпсіздік жауапкершілігін өз қарамағына алып, Құдстың арабтар мекендейтін аудандары ғана Палестина құрамына қосылып, Газа секторы ХАМАС-тың қарусыздану шартына келісім берген жағдайда жаңа Палестина елімен біріктірілетін болады.

 

Тегтер