Сирияның Идлиб облысындағы әскери емес аймақтардың шекаралары анықталды
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i39327-Сирияның_Идлиб_облысындағы_әскери_емес_аймақтардың_шекаралары_анықталды
Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Вершинин "Спутник" ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Идлибтегі әскери емес аймақтардың Түркия мен Ресейдің Сочидегі соңғы келісімі бойынша анықталғанын хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 09, 2018 13:58 Asia/Almaty
  • Сирияның Идлиб облысындағы әскери емес аймақтардың шекаралары анықталды

Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Вершинин "Спутник" ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Идлибтегі әскери емес аймақтардың Түркия мен Ресейдің Сочидегі соңғы келісімі бойынша анықталғанын хабарлады.

Ресей Президенті Владимир Путин қыркүйектін 17 күні түркиялық әріптесі Реджеп Тайып Эрдоғанмен Сочиде кездесуінен кейін: "Екі жақ Идлибтегі дағдарысты шешу үшін келісімге келіп, осы облыста 15 км² жерде әскери емес аймақты қалыптастыратын болды",- деген болатын.

Сочи келісімі бойынша, әскери емес аймақ Идлибтегі қайшылықтарды азайтуға себеп болады. Лаңкестік топтар қазанның 10-на дейін өздерінің ауыр қаруымен бұл аймақтан шығуға міндетті.