Сауд Арабиясының ұлттық валютасының құны түсті
Қаз 16, 2018 07:23 Asia/Almaty
Ақпарат көздері дүйсенбі күні валюта нарығында Сауд Арабиясының ұлттық валютасының долларға шаққандағы құны түскенін хабарлады.
Alkhaleejonline сайтының хабарлауы бойынша, Сауд Арабиясының риалы валюта нарығында 2017 жылдың маусым айынан бергі ең төменгі деңгейге жетті.
Ақпарат көздерінің хабарлауы бойынша, танымал саудиялық тілші Джамал Хашоғджидің жоғалып кетуіне қатысты текетірестердің артуын осы өзгерістер мен Сауд Арабиясының риалы құнының төмендеуінің факторы санауға болады.
Саудиялық тілші Хашоғджи 2 қазанда Сауд Арабиясының Стамбұлдағы Бас консулдығына кіргеннен кейін жоғалып кетті. Түркия полициясының мәлімдеуі бойынша, ол консулдықтың ішінде өлтірілген.