Сауд Арабиясы консулдығының тексерісінде Хашоғджидің өлтірілгені туралы айғақтар табылды
Қаз 16, 2018 14:38 Asia/Almaty
Түркия дереккөздерінің бірі Стамбулдағы Сауд Арабиясының консулдығын тексерген кезде Джамал Хашоғджидің өлтірілгені туралы мәліметтердің табылғанын хабарлады.
"Әл-Джазире" арнасы Түркияның Бас Прокурорының кеңсесіне сілтеме жсап: "Сауд режимінің саясатын сынаған тілші Хашоғджидің өлтірілгені туралы мәліметтерді теріске шығару талпыныстарына қарамастан Стамбулдағы Сауд Арабиясының консулдығын тексерген кезде Хашоғджидің өлтірілгені туралы маңызды мәліметтер табылды",- деп хабарлады.
Осы мәлімет бойынша, табылған айғақтар Хашоғджидің өлтірілгені туралы күмәндарды нығайтты.
CNN телеарнасы Сауд Арабиясының Джамал Хашоғджидің жоғалып кеткеніне қатысты мәлімдеме дайындап жатқанын хабарлады.