Ахваздағы лаңкестік әрекеттің негізгі жобалаушысы Ирактың Диале облысында өлді
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i39459-Ахваздағы_лаңкестік_әрекеттің_негізгі_жобалаушысы_Ирактың_Диале_облысында_өлді
Ислам революциясы Сақшылар корпусының қоғамдық қатынастар бөлімі Иранның оңтүстік-батысындағы Ахваз қаласында болған жуырдағы лаңкестік әрекеттің негізгі жобалаушысы Абу Заханың Ирактың Диале облысында қарсыласу күштерінің әрекеттерінде өлгенін хабарлады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 17, 2018 13:04 Asia/Almaty
  • Ахваздағы лаңкестік әрекеттің негізгі жобалаушысы Ирактың Диале облысында өлді

Ислам революциясы Сақшылар корпусының қоғамдық қатынастар бөлімі Иранның оңтүстік-батысындағы Ахваз қаласында болған жуырдағы лаңкестік әрекеттің негізгі жобалаушысы Абу Заханың Ирактың Диале облысында қарсыласу күштерінің әрекеттерінде өлгенін хабарлады.

Ислам революциясы Сақшылар корпусының қоғамдық қатынастары бөлімінің мәліметі бойынша, сейсенбі күнгі Ирактың шығысындағы Диале облысындағы қарсыласу күштерінің әрекеттерінде Ахваз қаласында орын алған жуырдағы лаңкестік әрекеттің негізгі жобалаушысы Абу Заха мен тағы төрт лаңкес өлді.

Қыркүйектің 22 күні лаңкестер ИИР қарулы күштерінің парады өтіп жатқан жерге жақын парктен рәсімді тамашалап тұрған адамдарға оқ атты. Лаңкестік әрекет салдарынан 25 адам қаза болып, алпыстан астам адам жарақат алды.