Газада шектеулі әскери операциялар жүргізуге кеңес берілді
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i39481-Газада_шектеулі_әскери_операциялар_жүргізуге_кеңес_берілді
Сионистік режимнің әскери органдары Газа секторында шектеулі әскери операциялар жүргізуді сұрады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 19, 2018 05:04 Asia/Almaty
  • Газада шектеулі әскери операциялар жүргізуге кеңес берілді

Сионистік режимнің әскери органдары Газа секторында шектеулі әскери операциялар жүргізуді сұрады.

Al-Mayadeen телеарнасының хабарлауы бойынша, израильдік ақпарат құралдары осы режим әскери органдарының Израильдің Қауіпсіздік кабинетіне Газа секторында қысқа мерзімді әскери операциялар жүргізуге кеңес бергенін хабарлады. Бұл органдардың кеңесі Газа секторына ауқымды әуе шабуылдарын жасауды қамтиды.

Израильдік ақпарат құралдары осы режимнің саяси-әскери органдарының  өз  жаяу әскерін қатерге тіккісі келмейтінін айтып, бұл кезеңде күштерін Газа секторына кіргізудің қажеті жоқтығын қуаттағанын хабарлады.  

Ақпарат құралдарының хабарлауы бойынша, бұл кеңестер жайлы шешім қабылдау Израильдің саяси басшыларының қолында.