Сауд Арабиясының үлемдер кеңесі Бен Салманды қызметтен кетіруді сұрады
Түркия полициясы Стамбұлда саудиялық сыншы Джамал Хашагджидің өлтірілгеніне қатысты зерттеулердің алғашқы нәтижесін жарияланған соң Сауд Арабиясы үлемдерінің жоғары кеңесі осы елдің тақ мұрагері Бен Салманды қызметтен кетіруді сұрады.
«Arabic 21» ақпарат сайтының хабарлауы бойынша, Сауд Арабиясы үлемдерінің жоғары кеңесі бейсенбі күнгі мәлімдемесінде осы ел тақ мұрагері Мұхаммад Бен салманның қате саясаттары мен зұлым шаралары және оның Хашагджидің өлтірілуіне қатыстылығына тоқталып, оны қызметтен ктіруді сұрады.
Бұл кеңес өзінің мәлімдемесінде Бен Салманның қате шараларыне, соның ішінде үлемдер мен ағартушыларды қамауға алуына, біліксіз адамдарды қызметке тарту арқылы әлеуметтік және әкімшілік жемқорлықты көбейтуі мен қоғамдық мүлікті ысырап етуіне тоқталып, оны қызметтен босатып, оның орнына лайық адам қоюды сұрады.
59 жастағы саудиялық сыншы, тілші Джамал Хашагджи 2 қазанда Сауд Арабиясының Стабұлдағы бас консулдығына барғаннан кейін ізім-қайым жоғалған болатын. Айғақтар оның өлтіріліп, мүрдесінің бөлшектелгенін көрсетіп отыр.