Сионистер Хан әл-Ахмар ауылын бұзу туралы шешімінен бас тартты
Сионистік режим Хан әл-Ахмар ауылының тұрғындары ме, басқа аудандарда тұратын палестиналықтар мен шетелдік белсенділердің осы ауылды бұзудың алдын алуға бағытталған демонстрацияларының таралуынан қорқып, кері шегінуге мәжбүр болды.
Сионистер Хан әл-Ахмар ауылын қиратумен бірге оның тұрғындарын мәжбүрлі түрде басқа жерге тасымалдауды көздеп отыр. Бұл ауыл қиратылса, жүздеген палестиналық баспанасыз қалып, Иордан өзенінің батыс жағалауы мен басып алынған Құдста палестиналықтар тұратын аудандардың байланысы үзіледі.
Al-Mayadeen телеарнасының хабарлауы бойынша, сионистік режимнің Министрлер кабинеті Хан әл-Ахмар палестиналық ауылын бұзу ісінің кейінге қалдырылғанын хабарлап, бұл шешімнің басқа жолдарды табу үшін жасалғанын айтты.
Дуал мен қалашық салуға қарсы тұру тобының басшысы Валид Асаф сионистердің Хан әл-Ахмар ауылын қиратуды кейінге қалдырған шешіміне күмән білдіріп, бұл ауылда тиісті шаралардың, соның ішінде қысқы акция үшін шатырлардың тігілетінін айтты.