Ердоған: Хашоғджидің өлімі алдын ала жоспарланған
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i39569-Ердоған_Хашоғджидің_өлімі_алдын_ала_жоспарланған
Түркия президенті саудиялық тілші Джамал Хашоғджиді өлтіру ісінің егжей-тегжейін жариялап, кейбір болжамдарға қайшы Хашоғджидің өлімінің алдын ала жоспарланғанын баса айтты.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 24, 2018 06:07 Asia/Almaty
  • Ердоған: Хашоғджидің өлімі алдын ала жоспарланған

Түркия президенті саудиялық тілші Джамал Хашоғджиді өлтіру ісінің егжей-тегжейін жариялап, кейбір болжамдарға қайшы Хашоғджидің өлімінің алдын ала жоспарланғанын баса айтты.

Режеп Тайып Ердоған сейсенбі күні Түркия Мәжілісінде Джамал Хашоғджиді өлтіру ісіне қатысты сөйлеген сөзінде: "Саудиялық журналист Сауд Арабиясының Стамбұлдағы консулдығына кірген сәттен бастап сол жерде болған адамдардың барлығы оның өліміне жауапты саналады.

Хашоғджиді Сауд Арабиясының қауіпсіздік және барлау күштері жабайы түрде өлтірді. Сондықтан бұл қылмысты өз бетімен жүрген топтармен байланыстыруға болмайды. Сауд Арабиясының королі менімен телефон арқылы сұхбатта Хашоғджидің өліміне қатысты 18 саудиялық азаматты құрықтағандарын айтты.

Түркияның талпынысымен саудиялық тілшіні өлтіру оқиғасының егжей-тегжейі әшкереленген кезде Сауд Арабиясы ұстанымын өзгерте бастады",- деді.

Ердоған қылмыстың Сауд Арабиясының Стамбұл қаласындағы консулдығында орын алғанын, Анкараның бұл іске қатысты шындықтар толық анықталғанға дейін қылмыскерлерді жазалау мақсатында халықаралық ұйымдармен әріптестігін жалғастыратынын мәлімдеді.