Риядтағы экономикалық форумда бос орын көп болды
https://parstoday.ir/kz/news/west_asia-i39573-Риядтағы_экономикалық_форумда_бос_орын_көп_болды
Риядтағы инвестицияға арналған халықаралық форум сейсенбі күні көп орын бос қалған жағдайда өзінің жұмысын бастады.
(last modified 2026-03-19T19:42:26+00:00 )
Қаз 24, 2018 11:05 Asia/Almaty
  • Риядтағы экономикалық форумда бос орын көп болды

Риядтағы инвестицияға арналған халықаралық форум сейсенбі күні көп орын бос қалған жағдайда өзінің жұмысын бастады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, көптеген елдер, халықаралық ұйымдар мен компаниялар бұл форумға бойкот жариялаған. Рияд форумына бойкот жариялау Сауд режимінің сыншысы, тілші Джамал Хашағджидің өлтірілуіне білдірілген реакция болды.  Сауд басшылары форумның бірінші күні орындар бос қалмауы үшін залға өз елінің азаматтарын шақырып, отырғызған.

«Келешек инвестицияның бастамасы» атты форум – Сауд үкіметінің ұзақ мерзімді «2030» жобасына шетелдік инвесторларды тарту талпыныстарының бір бөлігі. Форум жұмысын ертең аяқтайды.