"Арбағин" шеруінде фотосуреттен "Кербала керуені" атты конкурс өтеді
Қаз 24, 2018 18:25 Asia/Almaty
Имам Хусейн (ғ.с.) "Арбағинінің" зияратшылары Ирактың Кербала қаласы жолындағы зияратшыларға қызмет көрсететін аялдамалар туралы суреттерін тіркеп, "Кербала керуені" атты фотосурет конкурсына қатыса алады.
Арбағин рәсімдеріне қатысушы зияратшылар "#mokebkarbala9" хэштегімен өз суреттерін "Инстаграмда" жариялап немесе @imokeb Телеграмға жібере алады.
Сайысқа қатысу үшін суреттерді тіркелген ұялы телефон арқылы түсіріп, әр адам "Кербала керуені" деген тақырыппен бес сурет жібере алады.
Суреттер қарашаның 11-не дейін қабылданады. Үздік суреттерге сыйлықтар беріледі.