Сауд Арабиясы Хашоғджиге қатысты халықты алдарқатып отыр
Саудиялық танымал сыншы Джамал Хашоғджидің өліміне айыпталып отырған Сауд әулетінің тақ мұрагері бұл қылмыстан өзін ақтау үшін бейкүнә кейіп танытып, халықты алдауға көшті.
"Тасним" ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Сауд әулетінің тақ мұрагері Мұхаммад бен Салман сәрсенбі күні қоғамдық пікірді Сауд Арабиясының Стамбұлдағы Бас консулдығында Джамал Хашоғджиге жасалған террорға өзінің қатыстылығынан алдарқату үшін оны «Түсіндіруге келмейтін ауыр қылмыс" деп атады.
"Сауд Арабиясының болашағына инвестиция салу" атты форумда сөз сөйлеген Сауд әулетінің тақ мұрагері Хашоғджидің өліміне жауаптылардың жазаға тартылатынын айтты.
"Сахара Давосы" деген атпен танымал "Сауд Арабиясының болашағына инвестиция салу" атты форум сейсенбі күні эр-Риядта бос орындар көп болған жағдайда басталды. Джамал Хашоғджидің өлімі Сауд әулеті режимін бұрын-соңды болмаған саяси дағдарысқа ұшыратып, эр-Рияд басшыларының шетелдік инвестиция тарту үмітінің күлін көкке ұшырды.